Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен AP19676924 «Технологияны дамыту және регионның өнеркәсіптік кешенінің экологиялық брендін ілгерілету» ұйымдастырылған «Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы
2025 жылғы 16 мамырда «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен AP19676924 «Технологияны дамыту және регионның өнеркәсіптік кешенінің экологиялық брендін ілгерілету» мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберінде ұйымдастырылған «Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция шеңберінде келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізілді:
Конференцияның құрметті қонақтары:
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, ал олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
Ғылыми конференция аясында секциялық отырыстарға қатысу және тіркеу қорытындысы шығарылды.Ғылыми-практикалық конференция аясында секциялық отырыстарға тіркеу мен қатысу қорытындылары шығарылды. Жалпы тіркелген қатысушылар саны – 105 адам, олардың ішінде бір колледж студенті, 25 магистрант, 37 студент, 42 ғалым және еліміздің әртүрлі өңірлерінен және трансшекаралық аймақтар оқытушылар бар. Іс-шараға Павлодар сервис және тамақтану колледжі, Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің, Алматы қаласының № 212 мектеп-гимназиясының өкілдері қатысты. Жоғары оқу орындарының еңбектері ұсынылды, соның ішінде: Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Astana IT University, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті. Кәсіпорындар мен ұйымдар айтарлықтай үлес қосты, оның ішінде: Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Омбы ғылыми орталығы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалы, «Крендель» ЖШС.
Ғылыми мақалалардың географиясы Қазақстанның трансшекаралық өңірлерін қамтыды: Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Орал, Павлодар, сондай-ақ Ресейдің Омбы, Новосибирск, Мәскеу қалаларын қамтыды.
Конференция аясында 59 ғылыми мақала жариялауға қабылданды, олар қорытынды еңбек жинағына енгізілетін болады. Қатысушылардың жұмысы тұрақты даму саласындағы ғылыми бағыттар мен зерттеу мүдделерінің кең спектрін көрсететін үш секция бойынша ұйымдастырылды.
Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана қазақстандық және шетелдік ғылым қайраткерлерінің 100-ден астам еңбектері қойылған арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырды.
Бұл іс-шара қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, ғалымдар мен студенттердің ғылыми қызметке деген қызығушылығын көрсетті және тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін Білім және ғылым саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.
