«Торайғыров университеті» КЕАҚ-да 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғаулары сәтті өтті.
Кенжебекова Анар Ерболатқызы «Болат балқыту қалдықтарынан металдандырылған агломерат өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында диссертациялық жұмысты сәтті қорғады. Диссертация «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Металлургия» кафедрасында орындалды.
Шошай Жансерік «Техногендік шикізат пен e-waste-ті бірлесіп өңдеудің гидрометаллургиялық сызбасын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында диссертациялық жұмысты сәтті қорғады. Жұмыс «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Халықаралық Инженерлік мектебінде орындалды.
Ізденушілерді табысты қорғаумен құттықтаймыз, ғылыми және кәсіби қызметте одан әрі табыстар тілейміз!