Баспасөз релизі
КСРО халық сәулетшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтахаевты еске алуға арналған
«Civil Engineering, Architecture and Design» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2025 жылғы 23 мамырындада Торайғыров университеті КЕАҚ-да КСРО халық сәулетшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтахаевтың еске алуға арналған «Civil Engineering, Architecture and Design» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
2025 жылғы 23 мамырында "Торайғыров университеті" КЕАҚ-да КСРО халық сәулетшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтахаевты еске алуға арналған «Civil Engineering, Architecture and Design» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарма мүшесі – «Торайғыров университеті» КЕАҚ проректоры, б.ғ. д., Ержанов Нұрлан Тельманұлы кіріспе сөз сөйледі;
Сондай-ақ:
- «АстанаГенПлан «НИПИ» ЖШС Бас директорының орынбасары Есов Әсет Ермекұлы бастап, «сәулет және құрылыс» факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Жукенова Гулнара Абайқызы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағы Павлодар филиалының төрағасы Шуранов Осербай Аманжолұлы, техника ғылымдарының кандидаты, "сәулет және дизайн" ББ қауымдастырылған профессоры Булыга Леонид Леонидович сөз сөйледі.
Конференцияның жалпы отырысы аясында,
-Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Марат Зейнекенұлы Қабдуалиев -«ҚР-да ірі қала құрылысы кешендерін құрудағы сәулетші Қ. Ж. Монтахаевтың рөлі» тақырыбында;
-Дамаск университетінің профессоры, PhD Талал Аввад «The assessment of Negative Skin Friction on a Pile: Comparative Analysis of Soil Models» тақырыбында;
- Камолиддина Бехзода атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтының профессоры, Худайберганов Рустам Адамбайұлы «Қалалық ортадағы өзбек мозаикасының маңызы» тақырыбында;
- Ресей дәстүрлі көркем қолөнер университетінің филиалы Сібір дәстүрлі қолданбалы өнер институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Амиргазин Қайртай Жақыпұлы- «Көшпенділердің мәдени мұра құндылығы» тақырыбында;
- «Сәулет және дизайн» ББ қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Омаров Жұмабек Мұхтарұлы «Павлодар облысының көрнекті азаматтарының мәдени және рухани мұрасы» тақырыбында баяндамалар жасады.
Конференция аясы тек қазақстандық Астана, Тараз, Қарағанды, Павлодар өңірлерін ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс шетелдегі – Сирия, Өзбекстан, Ресей елдерін де қамтыды. Конференция келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстарды қалыптастырды:
- Сәулет, өнер және дизайндағы жаңа формалар мен технологияларды, эксперименттерді іздеу;
- Құрылыстағы заманауи материалдар, конструкциялар және технологиялар;
- Инфрақұрылым, қала құрылысы және тұрақты құрылыс;
- Сәулет-құрылыс индустриясындағы цифрландыру.
Ғылыми конференцияға тіркелген қатысушылар мен секциялық отырыстарға қатысушылардың жалпы саны 34 адамды құрады, олардың ішінде Nazarbayev University, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен магистранттары, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Торайғыров университеті, сондай-ақ химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі мен Павлодар монтаж колледжінің білім алушылары болды.
Конференция барысында келесі номинациялар "Юниор" және "Студент" санаттары бойынша қатысушылардың жалпы саны 70 адамнан тұратын шығармашылық конкурс өткізілді. Қатысушылар келесі категория бойынша сынға түсті:
- «Сәулет» (сәулет объектілері және қалалық ортаның бейнелері) – ЖОО- 22 білім алушысы.
- «Дизайн» (графикалық және Сәулеттік дизайн, сыртқы жарнама дизайны, қоғамдық ғимараттардың интерьері және т. б. саласындағы идеяларды іске асыру) - мектептердің, колледждердің, ЖОО -30 білім алушысы;
- «Кескіндеме» (пейзаж, қалалық, индустриалды ландшафт, сәндік кескіндеме), оған мектептердің, колледждердің, ЖОО -18 оқушысы қатысты.
Секциялық отырыстар мен шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, ал олардың ғылыми жетекшілері алғыс хаттар алды. Бұл іс-шара жастардың ғылыми қызметке деген жоғары қызығушылығын көрсетті және білім және ғылым саласындағы өңіраралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.