Торайғыров университетінің ұжымы Балтабекова Алмагүл Нұрлыбековнаны философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!
Диссертациялық қорғау «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Жүргізушілер жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға арналған тренажерлік кешенді әзірлеу және зерттеу» (жұмыс «Көліктік техника және логистика» кафедрасында орындалды).
Ғылыми кеңесшілерге: «Торайғыров университеті» КеАҚ профессоры Қ. Қ. Әбішевке, ҚазҰТЗУ қауымдастырылған профессоры Р. Б. Мұқановқа және шетелдік кеңесші - Чех техникалық университетінің профессоры Petr Bouchner шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алмагүл Нұрлыбековнаға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа батыл жобалар және туған университетіміздің қабырғасында үлкен академиялық белестерді бағындыруды тілейміз!
Құрметпен, Торайғыров университетінің ұжымы