Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудегі инновациялық технологиялар ҒӨО 2004 жылы құрылды.
Мақсаты:
1. Тарихи-педагогикалық матералдарды зерделеу және зерттеу жұмысына жаңа әдістерді енгізу арқылы пеагогика, этнопедагогика және білім берудегі инновациялық технологиялардың мәселелерін шешу.
Міндеттер:
- Педагогика, этнопедагогика және білім берудегі инновациялық технологияларды зерттеуде жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;
- Тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық материалды зерделеу;
- Магистранттар, аспиранттар мен ізденушілердің зерттеулерін координациялау және сараптау;
- Ғылыми-әдіснамалық құралдарды дайындау.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Педагогтердің, аспиранттардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін білім беру мекемелерінің білім беру процесіне енгізу.
2. Білім беру мен тәрбие мазмұнын аймақтық және этномәдени бағыттылығы.
3. Студенттер, магистранттар, аспиранттар мен педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.
4. Университет имиджінің нығаюы үшін білім беру мекемелерімен, жоғары оқу орындарының жас мамандарының біліктілігін арттыру мекемелерімен, мектептермен серіктестік орнату.
2020-2023 жылдар аралығындағы сапалық көрсеткіштер мен жетістіктер:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларға қатысты.
2. «Этникалық толеранттылық және ұлттық мәдениет» және «Мәдениеттер байланысындағы ұлттық дәстүрлер» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
3. «Жоғары оқу орындары мен мектептерде, мектепке дейінгі және балабақшаларда білім мазмұнын жаңғыртудың инновациялық негізі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары. Докторлық диссертацияларды дайындау бойынша күнделікті талдау жұмыстары жүргізіледі.
4. 2023 жылдың ақпанында педагогика ардагері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тәжібай Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми конференция өткізілді.
Қызметкерлер:
Беисова Алмагуль Еренбаковна
Дәрежесі: Ғылыми қызметкер
Жуматаева Еңгілік
Дәрежесі: Бас ғылыми қызметкер
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: профессор
Білімі:
Жоғары, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, мамандығы – «қазақ тілі мен әдебиеті», 1969; - педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, Абай атындағы мемлекеттік университеті, мамандығы – 13.00.01 «Педагогика және психология», 1995; - педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, мамандығы – 13.00.01 «Педагогика және психология», 2003.
Жұмыс өтілі: 53 жыл
Кабинет нөмірі: А-138
Жұмыс телефоны: 8 (7182) 673685 (ішкі 11-39), E-mail: kafedrapip@mail.ru
Марапаттары, грамоталары, сертификаттары
2005-2007 жылдары - Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлыө институтының педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ұсынылушылардың Диссертаиялық кеңесінің мүшесі; 2006 жылы – «ҚР білім беру жүйесін басқарудағы білім берудің нновациялық технологияларын жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша грант иегері. РФ «Халықаралық ғылыми-педагогикалық білімді дамыту академиясының» құрметті корреспондент мүшесі болып тағайындалды. 2007 жылы - «Ұлттық идея – Қазақстан дамуының негізі» бағдарламасы бойынша «Полиэтникалық қазақстандық қоғамды біріктіру – жалпыұлттық идеяның негізі» тақырыбымен «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» грантының иегері атанды, «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың үздік профессоры» конкурсының жеңімпазы, республикалық «Жылдың үздік ғалымы» грантының номинанты. 2008 жылы - ФИДЖИП (Франця) президентінің шақыртуымен халықаралық семинарға қатысты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік 1-дәрежелі премиясының жеңімпазы атанып, педагогика саласындағы ғылыми ізденістері үшін алтын медальмен марапатталды. 2010 жылы С.Торайғыровтфң алтын медалімен марапатталды. 2011 жылы InterkulturelleWeiterbildugsgesellschaft e. V. (Германия) және «Reading & Writing for critical thinking» (США, Нью-Йорк) жобаларына қатысты. 2018 жылы Павлодар облысының әкімнің құрмет грамотасымен марапатталды, «С.Торайғыровтың 125 жылдығы» мерейтойлық медалін алды. 2019 жылы «Әр түрлі санаттағы халықпен әлуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2022 жылы Павлодар қ. «Инклюзивті білім берудің заманауи тенденциялары» біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Ғылыми басылымдары: 130-дан аса ғылыми басылымдары (монографиялары, оқу құралдары, оқулықтары, кітаптары, екі ғылыми жобасы) бар.