Қызметі ғылыми зерттеулердің, жаңалықтардың және өнертабыстардың нәтижелерін өндіріске енгізуге, сондай-ақ университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін аймақ экономикасының өнеркәсіптік секторымен интеграциялауға бағытталған инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.
Бүгінгі таңда университетте шағын инновациялық аймақ болып табылатын ТоУ ЕЭА бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарламаның арқасында жобалар сәтті жүзеге асырылды.
2022 жылы "ТоУ ЕЭА" резиденттері 38 559 852 теңге табыс тапты:
1) "Алтенсур-Инжиниринг" ЖШС-2 410 000 тг.;
2) "Rus-al-PV" ЖШС – 6 594 000 тг.;
3) "Qazaq Yurt" ЖШС-435 000 тг.;
4) "Zhanat Group" ЖШС-500 000 тг.;
5) "Inteco PVL" ЖШС-5 500 000 тг.;
6) "Open Sky Corporation" ЖШС-20 000 000 тг.;
7) "Rainbow KZ" ЖШС-20 852 тг.;
8) "ToU-Junior" ЖШС-2 400 000 тг.;
9) Қапаров ЖК-700 000 тг.
Студенттік кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс жалғасуда: жыл сайын pre-MVP / MVP кезеңіне жеткен 20-дан астам жоба инкубацияланады.
ТоУ ЕЭА-да іске асырылған жобалардың тізбесі
Сондай - ақ, Павлодарда Республиканың ең ірі инвестициялық алаңы - "Павлодар" ЕЭА орналасқан www.sezpv.com .