Әлеуметтік-саяси зерттеулер институт жұмысының негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік саясат пен басқару органдарының іс-әрекетін талдау, қызмет алушыны қызықтыратын салалардағы заң және әлеуметтік-саяси жағдай бақылауын жасау;
- Саяси, әлеуметтік, заңнамалық, және маркетингілік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
- Бағдарамаларды, концепцияларды, стратегиялық жоспарлау құжаттарын, инструкциялық және әдістемелік материалдарды әзірлеу;
- Салалық стейкхолдерлердің мүддесін талдау, бәсекелестердің ресурстары мен стратегияларын талдау, шешім қабылдау процесінің механизмін талдау, ретингілік зерттеулер жасау;
- Семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
- Түрлі тақырыптар бойынша анықтамалық-аналитикалық шолу дайындау;
- Кәсіби риторика бойынша жеке, топтық тренингтерді дайындау және өткізу: сәтті интервью және көпшілік алдындағы сөз;
- Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша халықтың пікірін талдау;
- Әлеуметтік-саяси реформалар мен жеке саяси жағдайларға қатысты халықтың әсерін зерттеу;
- Қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын талдап, оның саяси жағдайға әсерін зерттеу;
- Қоғамдағы саяси және идеологиялық құндылықтарды зерттеу;
- Түрлі басқару органдары мен саяси инситуттарды халықтың бағалауы;
- Аймақтағы әлеуметтік жағдайдың мониторингі;
- Облыс тұрғындарының билік өкілдерінің жұмысын бағалауы;
- Аймақтағы жергілікті өзін өзі басқару ісінің тиімділігін бағалау;
- Аймақтағы жағдайды талдау, әлеуметтік хал-ахуалды, жалпықоғамдық-әлеуметтік жағдайды, аймақтағы мәселелерді зерттеу;
- Мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау.
Міндеттер:
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, жеке немес заңды тұлғалардың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саясаты бойынша, сонымен қатар мемелкеттік дамыту институттарын құру және жұмысын жүргізу саясаты бойынша ғылыми-зерттеу, сараптау-талдаулық, консалтингілік жұмыстарын жүзеге асыру. Бұл жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
- Қазақстан экономикасындағы, саясатындағы құрылымдық өзгерістер мен жылжуларды мемлекет саясатының аясында зерттеу;
- Тұрақты ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың жолдарын анықтау және талдау;
- Мемлекеттік даму институттарының жұмысын талдау;
- Мемлекеттік саясаттың бағыттары мен құралдарын зерттеу;
- Экономикалық әрекет субъектілерінің қозғалысын, оларға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды зерттеу.
- Шағын және орта бизнесті дамыту, мемелекеттік дамыту институттарын дайындау саясаты саласындағы ғылыми-зерттеу, сараптамалық-аналитикалық жұмыстары бойынша отандық және әлемдік тәжірибені зерттеу.
- Өзекті мәселеге бағытталған құрылымдық, қолданбалы әлеуметтік және саяси зерттеулердің дамуына үлес қосу, жеке және өзге мекемелермен, сонымен қатар Павлодар облысының басқармасымен бірге әлеуметтік-саяси мониторинг жүргізу.
- Институттың ғылыми-зерттеу, сараптамалық-аналитикалық жұмысының нәтижелерін тарату, ғылыми және сараптамалық баяндамалар мен мақалаларды дайындау және жариялау, қазақстандық және шетел ғылыми жәнеғылыми-практикалық конференциялар, когнрестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. Институт бейніне сай жұмыстарға қатысу;
- Институттың ғылыми-зерттеу және сараптамалық-аналитикалық жұмысына «Торайғыров университеті» КЕАҚ-тың ғылыми-педагогикалық және басқа қызметкерлерін, студенттерді, магистранттарды, докоторанттарды жұмылдыру;
- Институт жұмысының нәтижелерін білім беру процесінде қолдану және ол нәтижелердің практикалық қолданылуына әсер ету. Оның қатарында төмендегі жұмыстар бар:
- Институт бейініне сай білім беру курстарының дайындалуы мен жүзеге асу процесіне қатысу;
- Білім беру бағдарламаларын жзеге асырып жатқан «Торайғыров университеті» КЕАҚ-тың факультеттері мен өзге де құрылымдық бөлімшелеріне ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа қолдау көрсету;
- Магистратура мен докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындалуына қатысу;
- Саясаттану, әлеуметтану, философия, тарих, құқық, менеджмент, маркетинг бағыттары бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу;
- Әлеуметтік-саяси проблемалар бойынша тыңдаушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын, семинарларды, тренингтерді өткізу;
- Коммуникацияны дамыту және мемлекеттің конструктивті диалогін, ғылым мен бизнестің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша саясатындағы және мемлекеттік дамыту институттарын дайындау саясатындағы оң өзгерістердің болуына ықпал ету, барлық қызығушы тараптардың қатысуымен сараптамалық-аналитикалық ортаны қолдау;
- Зерттеу мен сараптаманың жаһандық желісіне қатысу, институттың бейіні бойынша халықаралық байланыстарлы дамыту.
Мақсаты:
- Әлеуметтану, әлеуметтік және саяси ғылымдар саласында құрылымдық және қолданбалы ғылыми зерттеулер жасау;
- Студенттер мен магистранттарды жобалық. Сараптамалық-аналитикалық, ғылыми және оқытушылық жұмысқа жұмылдыру арқылы практикалық-бейімдік білім беру ортасын қалыптастыру;
- Құрылымдық және қолданбалы саяси зерттеулер саласында білім мен құзыреттіліктің орталығын жасақтау;
- Басқару органдарын, бюджетті және коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды саяси шешімдер қабылдауда ақыл-кеңес беріп, сараптамалық және аналитикалық қолдау.
2020-2022 оқу жылдарындағы Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының жетістіктері:
Шаруашылық-шарттық жұмыстар:
(01.07.2020 ж. – 31.12.2020 ж.)
- Павлодар облысындағы қоғамдық-саяси жағдай бақыланды;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасына Павлодар облысы тұрғындарының көзқарасын анықталды;
- Павлодар облысының қоғамдық дамуының индексі;
- Павлодар облысының миграциялық мүмкіншілігі;
- Павлодар облысы тұрғындарының Ел Президентінің жыл сайынғы жолдауыеа көзқарасы анықталды;
- Жұмыс ұжымдарындағы әлеуметтік-психологиялық климат зерттелді;
- Әлеуметтік саладағы инфрақұрылым мен мемлекеттік саясатқа баға берілді.
(01.02.2020 ж. – 31.12.2021 ж.)
- Ауылдық жердің әлеуметтік инфрақұрылымы мен оны дамытудың негізгі жолдары (Павлодар облысының мысалында).
(12.03.2021 ж. – 04.05.2021 ж.)
- Павлодар қаласының көлік инфрақұрылымына баға берілді;
- «Жұмыс ұжымдарындағы әлеуметтік-психологиялық климат зерттелді (АҚ «Трамвай басқармасы» мысалында)»
Біліктілікті арттыру курстары (семинарлары):
(қараша, 2020 ж. – желтоқсан, 2020 ж)
- «Әлеуметтік-саяси зерттеулердің ғылыми негіздері» тақырыбында Институт қызметкерлеріне арналған әдістемелік семинар;
- «Павлодар облысының ауылдық аймақтарындағы экономикалық және әлеуметтік дамуы»;
(10 тамыз, 2020 жыл – 21 тамыз, 2020 жыл)
- Саяси процестерді басқарудың теориясы мен практиаксының негіздері.
(18 қаңтар, 2021 ж. – 27 қаңтар, 2021 ж.)
- «Бейбіт жиналыстар (шерулер) ұйымдастырылғанда уәкілетті органдардың іс-әрекеті мен кризистік жағдайлар туындағанда қолданатын шаралары» тақырыбында құқық қорғау органдары мен жергілікті органдар қызмектерлеріне арналған семинар.
(23 ақпан, 2021 ж. – 27 ақпан 2021 ж.)
- Жергілікті органдар өкілдерін, билік органдарының, партиялық құрылымдардың өкілдерін, қалалық және облысты мәслихат депутаттарын үздіксіз оқыту бойынша семинар.
(мамыр, 2021 ж.)
- Өндірістік сектордағы төменгі және ортаңғы деңгейдегі басшыларға арналған ұйымдағы адами ресурсты басқару.
(10 сәуір, 2022 ж. – 18 сәуір. 2022 ж.)
- Жоғары мектеп қызметкерлеріне арналған ұйымдағы адами ресурсты басқару.
Олимпиадаларды ұйымдастыру жұмысы
- Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және информация» кафедрасымен бірлесіп, 2021 жылдың сәуір айында «Саясаттану» бағыты бойынша Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалаларының және Тереңкөл, Павлодар аудандарының ЖББ мектептерінің оқушылары арасында олимпиада ұйымдастырду. «Жас саясаткер» номинациясы берілді.
- 2022 жылдың 28 сәуірінде Институт ҚР Президентінің мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысындағы филиалымен бірлесіп, Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлерінің арасында алғашқы олимпиада ұйымдастырды.
Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының 2020-2023 оқу жылындағы сапа бойынша мақсаттары:
- «Торайғыров университеті» КЕАҚ-сының Павлодар облысының экономикалық және әлеуметтік саласында «Өзгертулер көшбасшыларының» генераторы ретінде аймақты біліктілігі жоғары мамандармен толыққанды қамтамасыз ететін инновациялық, технологиялық, әлеуметтік дамыту орталығы ретінде дамуына үлес қосу.
- Жалпы білім беретін мекемелердің, жеке тұлғалардың, қоғамның қажеттілігін ескере отырып, білікті маман даярлауда бекітілген стандарттың талаптарына сай жұмыс нәтижелерін көрсету.
Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының қызметкерлері:
|
Калиев Ильдар Абужанович – (ӘСЗИ) институт директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі (МАИН, Алматы қ.)
|
|
Турлыбекова Айгуль Мухаметхановна – ӘСЗИ аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор
|
|
Сулейменов Мурат Алибаевич – ӘСЗИ аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор
|
|
Поломарчук Борис Викторович – ӘСЗИ ғылыми қызметкері, әлеуметтік ғылымдар магистрі, корреспондент-мүшесі (МАИН, Алматы қаласы)
|