Ә.Х.Марғұлан атындағы біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы 2001 жылы ӨР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен келісім жасау нәтижесінде құрылды және сол институттың аймақтық бөлімшесі болып саналады. Орталық 1988 жылы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ескерткіштерді қорғау бөлімі ұйымдастырған В.К.Мерц бастауымен өткен Павлодар археологиялық экспедициясының базасында жасақталды. Орталықтың негізгі мақсаты Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы апаттық жағдайдағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың алдағы уақыттағы жанжақты зерделенуі мен Солтүстік Еуразияның ежелгі тарихының мәселелерін шешуге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі жұмыс бағыттары:
Орталықтың пайда болған уақытынан бастап зор мәдени-тарихи маңызға ие апаттық жағдайдағы ескерткіштерге зерттеу жұмыстары жасалып, Павлодардың Ертіс жағалауы, Солтүстік және Орталық Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының әр түрлі кезеңдері туралы тың ақпараттар алынды.
Орталық ашылғанға дейін тас ғасырының төменгі палеолитінен энеолитке дейінгі ескерткіштері Павлодар археологиялық экспедициясының негізгі зерттеу объектісі болды. Орталықтың ашылуына байланысты, әрі ортаның жас мамандармен толығуына байланысты зерттеу объектілер шеңбері кеңейді.
Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 100 км жерде Аққулы ауданында табылған малталы құралдар – Ертіс өңірінде адамзаттың осыдан 1 миллион жыл бұрын болғанын дәлелдейтін ежелгі объектілер. Бұл сияқты көне ескерткіштер Павлодардан 60 шақырым жерден орналасқан Маралды көліненен де табылған. Ол ескерткіштерді зерттеу мәдениеттің тым терең орналасуына байланысты қиындықтар туғызып отыр.
Ескі Екібастұз аймағында тас ғасырындағы шеберхана тұрақтары мен елдімекендер саны 20-дан асады. Бұл кешен Екібастұздың көмір кен орындарының өңделуіне байланысты қатты жапа шеккен. Болашақта мүлдем жойылып кетеді. Сондықтан мүмкіндік барда бұл орынды тұрақты түрде зерттеу Ежелгі Қазақстан мен Батыс Сібір тарихының көптеген мәселелерін шешу үшін аса қажет.
Орталық зерттеп жүрген келесі тұрақтардың бірі – Шідертінің орта ағысында орналасқан тас ғасырының тұрақтары мен елдімекендері. Ол жерлер де тұрғылықты халықтың шаруашылығының кесірінен жойылып жатыр. Бұл орындағы болашақта зор зерттеу нәтижелерін беретін тұрақтар – Шідерті 2, 3, 5. Шідерті 3 соңғы 20 жыл бойы зертеліп келе жатыр. Бұл мекен Солтүстік және Орталық Қазақстандағы тас индустриясының дамуын және голоцен кезеңіндегі мәдени дәстүрлердің көрсете алатын аймақтағы жалғыз мекен. Тұрақта мезолит энеолит материалдарын қамтитын 6 мәдени көкжиек табылды. Ескерткіштің жоғарғы қабатында энеолит дәуірінің жаңа археологиялық мәдениетінің материалдары мен Республикадағы ең көне қорымдардың бірі табылды. Стратиграфия тұрғысынан да бұл тұрақ зор қызығушылық тудырды. Қазіргі таңда бұл ескерткіш дәуірге бөлудің және голоцендік кешендердің хронологиясының және жаңа Солтүстік және Орталық Қазақстандағы археологиялық мәдениеттердің үлгілі лбъектісі болып табылады. Ерекше көпқабатты Шідерті 3 тұрағы Павлодар облысындағы археологиялық ескерткіштерінің ішіндегі республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасына еніп, екі жыл бойы зерттелген.
Орталықтың экспедициясының жұмыс істеген уақытында түрлі дәуірлердегі көптеген ескерткіштер табылды. Бұл Павлодардың солтүстігінде, Аққулы ауданында, Шарбақты, Борлы, Қызылтұз көлдерінде неолиттің, қола, ерте тас ғасырының елдімекендері, Ертіс ауылы, Мичурино ауылы, Григоврьевка, Набережное, Кенжекөл ауылдарында, Баянауыл ауданындағы қорымдар, жарға қашалған суреттер және жойылу алдында тұрған және шұғыл зерттеуді талап ететін тағы басқа объектілер.
Қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу барысында археологиялық қайнарлардың маңызды массиві алынды. Қазіргі уақытта республика бойынша ПМУ археологиялық орталығы ғана ерте қола дәуірінің ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеп жатыр.
Бұл дәуірдің қорымдары мен елдімекендері Екібастүз қаласының маңында, Шідерті өзенінде, Григорьевка және Шәуке ауылдарында, Борлы өзенінде және тағы басқа жерлерде түрлі мәдениеттер табылды. Жиналған барлық материалдар бойынша «Шығыс Қазақстанның ерте қола дәуірі» атты жұмыс дайындалып жатыр.
Андронов мәдениетінің ескерткіштері, отырықшы малшылар, егіншілер мен металлургтер елдімекендері зор қызығушылық тудырып отыр. Олар соңдарынан көптеген қорғандар, тас қоршаулар, қорымдар қалдырған. Қаратұмсық, Кенжекөл 1, Черное, Набережное, Қызылжар және Павлодарское ауылының маңындағы, Ақ Бидайық шатқалында, Бозшакөл және тағы басқа андроновтық тайпалардың ескерткіштерінен көптеген қыш ыдыстар, қола қару, еңбек құралдары, әшекейлер, тұрғын үйлердің және қорымдардың қалдықтары мен сол дәуірдегі қыш өндірісінің, таукен ісінің, металлургияның, құрылысытың, ағаш өңдеудің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді.
Павлодар облысындағы сан жылдар бойы көптеген археологиялық зерттеулердің болғанына қарамастан, солтүстік-шығыс Қазақстан өңірінде әлі де ежелгі дәуірдің зерттелмеген нысандары баршылық. Бұл өңір ежелгі дәуірде Ертістің бойында пайда болған әр түрлі мәдени-тарихи аймақтардың торабында орналасқан. Бұл жер Қазақстан мен Батыс Сібір халқының ежелгі тарихындағы мәдениетаралық байланыстырдың негізгі орны.
Орталық қызметерлері зерттеулері нәтижелері туралы Қазақстан, Ресей, Германияның ғылыми басылымдарында көптеген мақалалар жариялады. Орталық жұмысын бастағаннан бері Павлодар Ертіс бойы мен көршілес аймақтардың археологиясына арналған екі ғылыми жинақ басып шығарылды, академиктің 100 жылдық мерейтойына арналған «2014 жылғы Марғұлан оқулары» конференциясының материалдары, тасқа қашалған суреттердің фотоальбомы, археологиялық терминдер сөздігі, ежелгі тарих бойынша оқу құралдары жарияланды, жаңа басылымдар дайындалып жатыр. Бұның бәрінде 20 жыл бойғы Павлодар ахеологиялық экспедициясының нәтижелері көрсетілген. Осы уақытта орталық қызметкерлері жүзден аса мақала жариялап, «Павлодар Ертіс бойы» энциклопедиясына жиымадан аса мақала жазған. Археологиялық ескерткіштердің зерттелуі туралы «Ежелгі Азия» атты деректі фильмдердің сериалы түсірілді.
Орталық қызметкерлері сонымен қатар Май ауданындағы Қызылеңбек ауылындағы «Қолбасы мұнарасы» мәдени-мемориалды ортағасырлық ғимараттар кешені, қимақтар мен қыпшақтардың, ғұн-сармат кезеңінің, сақ дәуірінің, қола дәуірінің қорған қорымдары мен этнографиялық уақыттың объектілері бойынша экспедициялар ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында ежелгі стелалар мен Баянауыл тас мүсіндері де зерттеліп, олар бойынша жеке деректі фильмдер дайындалды.
Орталық жұмысының барысында жиналған материалдардың негізгі бөлігі «Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерінің жинағы. Павлодар облысы» еңбегінің басым бөлігін құрады. Ол еңбекке 700-ден аса ескерткіш енді.
Орталығымыздың негізгі мақсаты археологиялық ескерткіштерді бұзылудан сақтау, оларды уақытылы зерттеу, олардың өзара байланыстарының мәселелерін шешу болып табылады.
Орталық қызметкерлері археологиялық экспедиция базасында ғылыми-педагогикалық жұмыспенде айналысады. Орталық археологиялық үйірме ашып, археологияға қызығатын студенттер мен оқушыларға қолдау көрсетеді.
2002 жылы Павлодар археологиялық экспедициясының нәтижесінде жиналған материалдар негізінде археологиялық мұражай жасақталды. Ол материалдар Павлодар Ертіс өңірінің палеолит дәуірінен бастап, кейінгі этнографиялық дәуірге дейінгі қайталанбас экспонаттар болып табылады.
Қазіргі кезде Орталық қызметкерлері Торғайдан шығасқа қарай жылқыны қолға үйрету мәселесімен айналысып жатыр. Аққулы ауданындағы Борлы, Борлы 4 тұрақтарын, Мичурино, Шәуке ауылдарының маңындағы ерте қола дәуірінің қазындыларды кещенді түрде зерттеп келеді.
Өңірдің ежелгі тарихының мәселелеріне арналған көптеген жобалар жоспарланып отыр. Оның ішінде археологиялық ескерткіштердің реставрациясы мен музеефикациясы, Павлодар Ертіс өңірінің археологиялық проблемалары туралы ғылыми мақалалардың үшіні жинағын басып шығару, Шідерті 3 тұрағындағы және тағы басқа ескерткіштердің зерттелуі туралы монография дайындау бар.
Негізгі мақсаттар мен міндеттер: