«Мониторинг» экологиялық ғылыми-зерттеу орталығы 2005 жылы құрылды.
Мақсаттары:
- Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және дамыту;
- Заманауи инновациялық технологиялар мен жаңа ғылыми өнімдерді жасау бойынша қолданбалы және құрылымдық зерттеулерді жүргізу;
Міндеттері:
- Қоршаған орта және аймақтың табиғи ресурстарының мониторингі салалары бойынша ғылым мен өндірістің жетістіктерін зерделеу;
- Қоршаған орта және аймақтың табиғи ресурстарының мониторингін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету;
- Экологиялық мониторинг саласының қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және олардың санатын көтеру;
- Қоршаған орта және аймақтың табиғи ресурстарының мониторингі сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау және шығару.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғауға баытталған ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған ғылыми зертханаларды жасақтау;
2020-2023 жылдар аралығындағы сапа бойынша жеткен маңызды жетістіктер:
- К.К.Ахметовтың «Павлодардың симулидтері (шіркейлері) (фаунасы, биологиясы, экологиясы және олардың санының бақылануы)» тақырыбында монография жазылып, басылып шықты.
- «Journal of water and land development» атты рейтингі жоғары журналда «Agrotechnological methods of plant feeders applying for spring wheat agrocenoses» тақырыбындағы мақала жарияланды.
- «Ертіс өзенінің алқабында қансорғыш маса мен шіркейлерің санын биологиялық препараттарды қолдану арқылы биологиялық бақылауда ұстауды ғылыми негізде ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыс істеу.
Қызметкерлер
Ахметова Қанат Комбарович
Қызметі: бас ғылыми қызметкер
Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: ЖАК профессоры
Білімі: Павлодар педагогикалық институты. Жаратылыстану факультетінде 1980-1985 жж. білім алған. ҚР ҰҒА Зоология институтында аспирантураны 1986-1989 жж. аралығында оқыған. Мамандығы: Биология.
1990 жылы аспирантураны аяқтап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне жазылған диссертациясын сәтті қорғап шығады. 2004 жылы 03.00.19 – «Паразитология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне жазылған диссертациясын қорғайды.
Ғылыми-педагогикалық өтілі: 34 жыл
Ғылыми зерттеулерінің бағыты: Паразитология, омыртқасыздардың зоологиясы, омыртқалылардың зоологиясы, цитология.
Жүргізетін пәндері: «Павлодар Ертіс өңірінің қосқанатты қансорғыштары», «Омыртқасыздардың функционалды морфологиясы», «Заманауи жалпы паразитологияның өзекті мәселелері».
Наградалары, грамоталары, сертифкаттары:
Көптеген халықаралық конференцияларға қатысқан. Ресейдің гельмитологтер ассоциациясының мүшесі, Халықаралық ICOPA гельмитологтер ассоциациясының мүшесі. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының диссертациялық кеңесінің мүшесі болған, ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің білім мен ғылым саласын бақылау комитетінің мүшесі, Облыстық экологиялық кеңестің мүшесі. 2011 жылы Ломоносов атындағы ММУ-дің биология факультетініңжасуша биологиясы және гистология кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ол студенттерге трематоданың жасушалары, мүшелері мен ұлпаларының ультрақұрылымы тақырыптарында 22 сағаттық арнайы курс дәрістерін оқыды. Павлодар облысының Ертіс жайылымдарындағы шіркейлердің биологиясын, фаунасын, фенологиясын зерттеуде алдыңғы қатарда тұр. 1999 жылдан бастап үздіксіз түрде Павлодар облысының Санитарлы-эпидемиялық бақылау департаментінің қолдауымен ғылыми топты басқарып келеді. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде Павлодар қаласында жыл сайын шіркейлердің көбейетін кезеңінде қолданылатын бактериалды лярвоцидті препараттың пайдаланылу алгоритмі жасақталды. Бұл әдістеме Кедендік Одақ елдерінде Қазақстанда, Белорусьте және Ресейде қолданылады. 2008-2009 жылдары Ресейдің Новосібір қаласындағы «Сиббифарм» ЖКҰ тапсырысымен қансорғыш шіркейлердің санын шектеуге арналған «Бактицид» биологиялық препаратын жасап шығарды. Бұл препарат алғаш рет өндіріске енгізілді. 2012 жылы Халықаралық сабақтастық аясында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың басын қосқан екі халықаралық экспедицияны ұйымдастырып, оған жетекшілік етті, 2008 жылы қазақстандық, ресейлік және ұлыбританилық ғалымдар қатысқан. 2013 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» атты төсбелгімен марапатталды.
Ғылыми жарияланымдары:
- Эукариотикалық жасушалардың функционалды морфологиясы мен функционалдық негіздері: 6M060700, 6D060700-Биология мамандығының магистранттары мен докторанттарына арналған оқу құралы. Павлодар, 2013 жыл.
- «Трематоданың ішек қуысындағы эпителийдің құрылымдық ерекшеліктері». «Зоология хабаршысы», №6, 2013. 68-69 б.
- «Dendrithobilharcia pulverulenta (Braun, 1901) (Trematoda: Schisthosomatidae) Трематодасының ұрғашы және еркек түрінің ультрақұрылымы мен функционалды морфологиясы» Ресейдің паразитологиялық журналы. 2012, № 4. Б.14-23.
- Trematoda (тип Plathelminthes) классы өкілдерінің жабын ұлпалары мен ішек эпителийлерінің функционалды морфологиясы / Қолданбалы және фундаменталды зерттеулердің халықаралық журналы, №9, 2012.ж Мәскеу. (18-19 б.).
- Echinostomatidae (Same characteristics of ovarium of Trematodes famale Echinostomatidae тұқымдастарына жататын трематодалардың жұмыртқа жасушаларының кейбір ерекшеліктері)// Global communicathion and internathional scieutific jornal. 2010, №2 (3). P. 75-79 (Niderland).
- Echinostoma revolutum (Frochlich, 1802) трематодаларының еркек гаметаларының электрондымикроскоптық зерттелуі. ).- Мерзімдік халықаралық бюллетень. Экономика мен бизнестегі инновациялардың келешегі, Чехия, Прага.
- hypoderaeum conoideum (trematoda: echynostomatidae) трематодаларының сперматозоидтерінің ультрақұрылымы. «Биотүрлілік пен табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің 75 жылдығы мен биология кафедрасының 75 жылдық мерейтойына орай өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. 2-бөлім. Алматы «Қазақ университеті» 2009 жылү 65-68 б.
- Трематода жабындарының сыртқы қабатының құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері // ҚазМУ хабаршысы. Биологиялық серия. №4 (39)\ 2008. Б. 36-38.
- Трематоданың аталық ұрық безінің, ұрық қапшығы мен простатиттік безінің ультрақұрылымдық ерекшеліктері. Hypoderaeum conoideum// Әл-Фараби атындағы ҚазМУ хабаршысы, биологиялық серия. №4. 2008. Б.38-52.
- Hypoderaeum conoideumтрематодаларының аталық жыныс жүйесінің электронды-микроскоптық зерттелуі – Поиск. Ізденіс. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар сериясы. №4. 2008. Б.50-67.
- Жайпақ құрттардың жабын ұлпаларының сицитиалды құрылымының қалыптасу ролі. // ҚазҰПУ хабаршысы. Биологиялық серия. 2008. Б.15-19.
- Жайпақ және паразит құрттардың мүшелеріндегі синициалдық құрылымдарының ролі. .– «13-Уәлиханов оқулары» халықаралық конференциясының материалдары Көкшетау, 2007. С.69-75