«Агроинновациялар мен биотехнологиялар» ғылыми-зерттеу институты 2019 жылы пайда болды.
Мақсаты:
Ауылшаруашылық саласының экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық саланың инновациялық белсенділігі мен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарды ынталандыру мақсатында оның мемлекеттік органдармен тиімді әрі жан-жақты байланысын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Облыстағы аграрлық ғылыми өнімді (сортын, тұқымын, технологиясын) аймақтық нарыққа жылжыту;
- заманауи ғылыми талдамалар мен инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін жасау;
- облыстағы ауылшаруашылық кәсіпорындармен инновациялық жаңалықтарды енгізу және оларды коммерциализациялау бойынша байланысты дамыту.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
3.Ауыл шаруашылығындағы асыл тұқымды мал өнімі мен қойлардың жасанды ұрықтандыруды ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру.
4.Картопты вируссыз өсірудің әдісі.
2020-2023 жылдар аралығындағы сапа бойынша қол жеткізген маңызды жетістіктер:
Қызметкерлер:
Ахажанов Кайрулла Касенович
Қызметі: бас ғылыми қызметкер
Білімі: Жоғары. «Зооинженер» мамандығы бойынша Семейдегі зооветеринарлық институтты (1983 жылы) бітірген. К. Скрябин атындағы МВА-ны (1990 жылы) 06.02.02 – «Ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру» мамандығы бойынша білім алған.
Жұмыс өтілі: 39 жыл
Наградалары мен жетістіктері: Облыс әкімінің құрмет грамотасы, Облыс мәслихатының құрмет граамотасы, Облыс әкімінің алғыс хаты мен 3 медалі.
Ғылыми дәрежесі: Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты
Ғылыми еңбектері: 1. «Біржасушалылардың протеиндерін пайдалану»; 2. «Консервілік азықтардың шикізаттың базасы» Алматы..«Ғылым» баспасы 1996 ж. атты екі монографияның авторы.
Ғылыми зерттеулерінің саласы: жануарларды протеиндік, минералдық және амин қышқылдық азықтандыру мен азықтардың шикізаттық базасы.
Жүргізетін пәндері: «Өсімдіктердің генетикасы мен селекциясы», «Малшаруашылығындағы ақпараттық-аналитикалық жүйе», «Тәжірибелік істің негіздері».