Мақсаттары:
«Мәшһүртану» ҒПО Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеу, талдау және таратуды мақсат етеді.
Міндеттері:
Философ еңбектерінің жинағын шығару, мәшһүртанушылардың жұмыстарын жариялау, республика мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарымен байланыс орнату, «Мәшһүртану» пәні бойынша курстар мен факультативтердің бағдарламасын әзірлеу.
Бағыттары:
1. Мәселелер: ғалым шығармаларының бір бөлігін зерттеу мүмкіндігі жоқ, себебі қолжазбалары шет мемлекеттердің мұрағатында жатыр.
2. Талдау: Ойшылдың туындыларына әдеби, лингвистикалық, философиялық, әлеуметтік, тарихи талдау үлгілері сай келеді.
3. Жинақтау: материалдар ғалымдардың көмегімен жинақталады, аударылады, өңделеді.
4. Жаңа әдістерді патенттеу: ЭЕМ электронды бағдарламасы жасақталды.
5. Әзірлеме: Жаңа дәуір жаңа амалдарды талап етеді. Сәйкесінше зерттеу әдістері де өзгереді. Цифрландыру мен жаһандану нәтижесінде философтың ойлары мен идеялары әлемнің түкпір-түкпіріне жете алады.
2018 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының жоспары» бекітілген. Бұл жарлықта Президент стратегиялық үлгідегі саяси құжаттардың маңыздылығын атап өтті. Олардың қатарында стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығы көрсетілген.
Стратегиялық міндеттер тізімінде экономикалық даму, әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару және аймақтық саясатпен қатар «Болашаққа бадар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада көрсетілген ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер бар.
Қоғамдық ынтымақ пен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі әлемдегі озық үлгі болып табылады. Себебі қазақстанда ар-ұждан бостандығына, барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің дамуына жағдай жасалған.
Осы орайда қазақстандық құндылықтарды нығайту, азаматтық тұрғыдағы бірлік, түрлі ұлттардың тілін, дәстүрлері мен мәдениетін қолдау және дамыту ұлтаралық жанжалдардың алдын алу жолы болып есептеледі.
Бұл жағдайлар қазақтың рухани мәдениетін, саяси және этникалық тархын, қазақ философиясы мен әдебиетін дамытуда елеулі орын алады.
Қазақ зиялыларының өкілдерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпеев – ақын, философ, ғалым.
Мәшһүр-Жүсіптің поэтикалық ойлары мен философиясы өзінің тереңдігімен Шығыстың ең мықты ойшылдарының шығармаларымен қатар тұр. Ол бірнеше тілде сөйлеп, қазақ халқын ағарту жұмыстарымен айналсқан. Этнограф ретінде ол бір жарым ғасырлық тарихты сақтап, келесі ұрпаққа жеткізген. Мәшһүр-Жүсіп қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілердің бірі. Шығыс әдебиеті мен ислам дінінің теориясын жетік меңгерген. Энциклопедист қана емес, діни адам да болған. Дінсіз ғылым болмайды деп санаған. Соңынан зор мұра қалдырған Мәшһүр-Жүсіптің бүгінде діни-философиялық ойлары, ғылыми еңбектері, аңыздары, ауыз әдебиеті үлгілері қалған. Философ шығармаларының 20 томдығы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қолдауымен басып шығарылды. Зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Монографиялар:
«Тіл мен тарих – ұлт қорғаны» монографиясы бойынша жұмыс атқарылды.
Курстар:
1. «Орындаушылық өнер» кафедрасымен бірлесе отырып, музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыкалық білім берудегі жаңашылдықтар» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Қатысушыларға С.Торайғыров атындағы ПМУ сертификаттары берілді. Онлайн, оффлайн форматта университеттің жәе шетел ғалымдарының, психологтер мен музыканттардың дәрістері берілді(2019 жыл).
2. «Менталды психология мен педагогика»
3. Психология мен педагогика
ҒЫЛЫМИ ШАРАЛАР
«Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Н. Қ. Анафина ұйымдастыруымен 10 наурызда «Қазақ ою-өрнегі - мәдениет жүйесінің қалыптасуы» атты дөңгелек үстел-байқауы өтті.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін өнері мұраларынан көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
Әр ұлттық өзіне тән сән, саулық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
Ленин кентіндегi Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінiң «Алтын оймақ», ЖББМ №33 «Сырғалым» клубының жетекшiсi, қол өнерші Ғ.С. Сұнғатова өзі жұмысын көрсетіп, өнерімен бөлісті.
Әділ қазылар алқасы: «Beisembaev Library» кітапханашысы Г. Е. Жақауова және мұражай кешенінің директоры Г. Х. Рахимжанова
Пікір-таласқа қатысқан:
Алмасбек Шағырбай, Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының директоры, PhD докторы,
Гүлнәр Рахимжанова,
Салтанат Сәрсенбаева, «Қамқор» ҮЕҰ жетекшісі.
Осы іс-шараға қатысқан студенттер терең мағлұмат алды. КЕО «Торайғыров Университеті» наурыз мейрамы қарсаңында алғашқы өткізілген іс-шара.
https://www.instagram.com/p/Ca9Uqp_ADZC/?utm_source=ig_web_copy_link
10 наурызда «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығында өткен «Қазақ ою-өрнегі - мәдениет жүйесінің қалыптасуы» атты дөңгелек үстел-байқау барысында пікір-таласқа онлайн қатысқан Алмасбек Шағырбай, Ғылым Комитеті «Философия, саясаттану және дінтану институты» Дінтану орталығының директоры, PhD доктор. Участник круглого стола «Казахские орнаменты в формировании культурной среды», директор Центра религиоведения Института философии, политологии и религиоведения Комитета науки МОН РК. https://www.instagram.com/p/CbAaVu0gc4v/?utm_source=ig_web_copy_link Шагырбай, в онлайн-режиме поделился своей точкой зрения
https://www.instagram.com/p/CbAaVu0gc4v/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CcK8HDHs404/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
2. 2022 жылдың 5 сәуірінде «Торайғыров университет» Мұхтар Әуезовтің 125-жылдығына арналған іс-шараларды бастады. Алғашқы қадам: «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен «Мәшһүр мен Абай: аныз және ақиқат» атты дөнгелек үстел өтті. Бұл шараны ұйымдастырған «Мәшһүртану» орталығының ғылыми қызметкері Нәйлә Анафина.
Шара қорытындысы халықаралық қорлардың қолдауымен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұрасы бойынша жобаларды бастау мүмкіндіктерін талқылауы болды
https://www.instagram.com/p/CcLD-trM-AO/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Мәшһүр мен Абай: аныз және ақиқат атты дөңгелек үстел іс-шараға онлайн түрінде қатысқан баяндамашы
Бақытжан Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, профессор,
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және Дінтану институтының аға ғылыми қызметкері былай деп пікір білдірді:
«Қазіргі кезде жастардың ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын қайта ояту керек. Және ол бұрыңғыдай эмоциялық немесе формалды сипатта емес, рационалды және шынайы ғылыми дәлелді сипатта болуы керек. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті болу үшін жалаң ұлтшылдық пен әсіре діншілдік қажет емес, мәні мен мазмұны ұлттық және жалпыадамзаттық руханиятқа тамыр байлаған, ал формасы заманауи технологиямен көмкерілген жасампаз білім мен ғылым қажет. Сонда ғана біз Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы тәрізді даналарымыздың өмірі мен шығармашылығындағы аңыз бен ақиқатты ажыратып, оның рухани мұрасын шынайы таныта аламыз»
https://www.instagram.com/p/CcLEurvMxgc/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
https://www.instagram.com/p/CcLFXJ4MTBu/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3. «Менталды кемістігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы. 56 адам оқытылды, олардың барлығы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттар алды. Сөйлеушілер шетелдік, ал кейбіреулері Қазақстаннан. Курстар коммерцияландыруға арналған сынақ нұсқасы болды. Мазмұны әзірленді, спикерлер базасы құрылды, аудитория дайын. Торайғыров атындағы университет ғалымдарының алыс және жақын шетел ғалымдарымен ынтымақтастығы дамып келеді, рейтингті жақсарту және одан әрі дамыту мақсатында болашақ ғылыми жобаларға жағдай жасалды (2022 жылғы сәуір-мамыр). Тақырыпты таңдауыма туған халқына аянбай қызмет еткен Мәшһүр-Жүсіп Көпеев себеп болды. Қазіргі жағдайда ғалым ерікті, меценат, инклюзиямен жұмыс істейтін адам болып саналды. Мәшһүр көкейкесті мәселелерге үн қосып, халыққа көп көмектесті, оқытты, емдеді.
3.1. 23.04.2022.
Қазақ ғалымы, өнертапқыш Нұрбек Еңсебаевтың желі
https://www.instagram.com/p/CcuER97jGdu/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.2. 23.04.2022.
Итальяндық спикерлер Дуччо Лимберти және Лали Бурдули желі
https://www.instagram.com/p/CcuFsxVjhGB/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.3. 24.04.2022.
«Жағдаяттық қазақ тілі» әдістемелігі бойынша қазақ тілін оқу ерекшеліктері. «Жағдаяттық қазақ» әдісі арқылы қазақ тілін үйрететін Қанат Тасибековпен желі
https://www.instagram.com/p/CcuReYzDQQH/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.4. 25.04.2022.
«Кинезиотаспа оңалту әдісі ретінде». Оқытушы – Сергей Владимирович Лаверженцев
https://www.instagram.com/p/Cc4aqNEjVLA/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.5.
Онлайн «Бақыт аумағы». Юрий Гашек. «Жерге бақ сыйла» қоғамдық қоры. Павлодар
https://www.instagram.com/p/Cc4cQ0cDFZ4/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.6. 26.04.2022 сағат 19:30.
Онлайн «Арнайы балалармен жұмыста анимацияның әртүрлі түрлері». Женя Кабаков. Мәскеу. Балалар мультистудиясы мен қызықты ғылым фестивалінің негізін қалаушы, ақпараттық технологиялар мұғалімі, Мәскеу ашық білім беру институтының әдіскері, Жаңа технологиялар институтының оқу дизайны зертханасының қызметкері
https://www.instagram.com/p/Cc4eNsbj-2q/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.7. 27.04.2022 в 19.00.
Онлайн - Алексей Насретдинов, физик, математик, музыкант, үлкен тәжірибесі бар оқытушы, «Музыканың физикасы мен анатомиясы» және т.б. кітаптардың авторы. Тақырыбы: «Балалардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың музыкалық естуін дамыту». Рига. Латвия
https://www.instagram.com/p/Cc4cs2vjsXX/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.8. 28.04.2022. 19.00
Ольга Яковенко. Израиль. Тақырып: Израильде аутизммен ауыратын балаларға арналған арнайы білім
https://www.instagram.com/p/Cc5O--6Msna/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
https://www.instagram.com/p/Cc9oikyjuen/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.9. 30.04.22. 19.00
Эльвира Белица. Тбилиси. Шығармашылық ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамытудың маңызды кезеңі ретінде
https://www.instagram.com/p/CdAKX23DjDV/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.10. 2022 жылдың 3 мамыры, сағат 19:00
Израильдік суретші, жазушы, шығармашылық арқылы қарттарды әлеуметтік-психологиялық оңалтудың бірегей курсының авторы, Қарттар өнері мұражайынның негізін қалаушы, «Анашым, жылама! Егде жастағы ата-аналармен қалай жеңіл түрде тіл табысуға болады?» кітабының авторы Саша Галицкиймен онлайн кездесу
https://www.instagram.com/p/CdFlSa-MuUw/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.11. 05.05.2022 ж. 13.30.
Ольга Оводова. Мәскеу: Брайль мәтінін тану бағдарламасы туралы
https://www.instagram.com/p/CdIZJDvMa-G/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.12. 10.05.2022.16.00.
Тақырып: Моцартика дегеніміз не және онымен қалай жұмыс істеу керек?
Баяндамашы: Полина Руссавская. Мәскеу, «Мозартика» авторы және әзірлеушісі, «Мозартика» дамыту және сауықтыру ойын бағдарламалары» АНО бас директоры.
https://www.instagram.com/p/CdQHcLcs2I_/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.13. 11.05.2022. 18.00.
Тақырыбы: Психотерапиядағы күйді өлшеу. Бейне және әрекетке мотивация (спорт психологиясынан). Баяндамашы: Валерий Белянин. Торонто. Канада. Филология ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының кандидаты, психолингвист, психотерапевт. Біздің курстың тыңдаушылары бұл дәрісті әлемде бірінші болып тыңдады.
https://www.instagram.com/p/CdU8rYkMA1A/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
3.14.
Аут-фитнесс деген не? Полина Соловьёва
https://autfitness.ru/tpost/x0b2fyh2g1-lektsii-ot-aut-fitness-dlya-volonterskog
4. 27 мамырда «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы 1931-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өткізді
https://www.instagram.com/p/CeGedT1AeNt/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
5. «Адам-Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол...» атты ғылыми-танымдық конференцияға қатысып, сұхбат берілді, 5 шілде, 2023, Алматы.
6. ЭВМ-ге арналған бағдарлама № 2021615889 «Электронная интерактивная книга «Язык и история - защита нации»».
28.04.2025 ғылыми айлық шеңберінде «Торайғыров университетінде» «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ қоғамының дамуындағы рөліне арналған дөнгелек үстел өткізді. Ол екі форматта өтті. Онлайн қатысушылар: Алматы қаласынан академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов «Әл-Фараби және музыка» тақырыбында лекция оқыды. Түрқиядан Turk-san.com «Түркі әлемінің мәдениет және өнер баспасының» (TURKSAN) директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Эллада Ғарай Зада Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы туралы атап өтіп түрік елдерінің бірлігі туралы мәлімдеді. Украинадан Ирина Зелинская, философия ғылымдарының кандидаты, украиндық философ Григорий Сковорода мен Мәшһүр Жүсіптің еңбектерін, өмірлерін салыстырып философия құндылықтар туралы лекция оқыды. Осы іс шараға арнайы сый ретінде, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтынан жіберілген кітаптармен алматылық Бақытжан Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, профессор, таныстырып өтті. Мәшһүр Жүсіптің тарих, әдет ғұрып, ислам құндылықтары мен философиясы туралы мұралары. Халықтың ар - намысын оятатын, рухани ілімнен азық алуға шақыра-тын, рухани өрлеуге үндейтін туындылары ойшылдың дүниетанымдық ізденістерінің руханилық қырларын аша түседі. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы қазақ әдебиетінде маңызды орын алатын көрнекті қазақ ақыны, жазушысы және фольклоршысы. Оның шығармалары қазақ халқының терең мәдени және тарихи тамырларын, сондай-ақ оның бостандық пен әділдікке деген ұмтылысын бейнелейді. Мәшһүр өзінің поэтикалық шығармаларымен танымал, онда ол халықтық мотивтер мен образдарды шебер қолданды. Оның өлеңдері эмоционалды тереңдікке, философиялық рефлексияға және әлеуметтік сынға толы. Оларда ол жеке басына, дәстүріне және қазіргі заманға қатысты маңызды мәселелерді көтереді. Мәшһүр шығармашылығының негізгі аспектілерінің бірі-оның өткені мен бүгінін байланыстыру қабілеті, бұл оның жұмысын қазіргі оқырман үшін де өзекті етеді. Оның поэзиясы отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікке толы, бұл оны қазақ халқына ерекше жақын әрі түсінікті етеді. Көпеев сонымен қатар халықтық фольклорды жинау мен сақтауда белсенді болды, бұл мәдени мұраны сақтауға ықпал етті. Оның зерттеуге және танымал етуге қосқан үлесі. Конференция барысында Жүсіпбек Аймауытов атындағы Этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Жұматаева Еңгілік Өсербайқызы қорытынды сөз сөйлеп кітаптарды Мәшһүр Жүсіп музейінің меңгерушісі Әсет Пазыловқа, “Мәшһүртану” орталығына және “Beisembayev libraru”ғылыми кітапханасына табыстады.
1. 30.04.2025. https://www.instagram.com/p/DJDwsb6tGza/?img_index=1&igsh=MWFnMWIzdW5iY244Zw==
Екеуіде 30 сәуір күні жарияланған
3. Инстаграм Павлодар-ньюс: 30.04.2025
4. 02.05.2025. В инстаграме пост
5. и история со ссылками на инсту Павлодар-ньюс.
6. 02.05.2025. 12.00. Павлодарское радио в новостях на каз. и рус. языках поставили.
7. 02.05.2025. “Егемен Қазақстан” сайтында https://egemen.kz/article/386797-mashqur-murasyn-arqau-etken-ghylymi-dgiyn
8. Торайгыров университет сайтында